09.03.2022, 16:48 12366

ҚР 9 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 87 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 9 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19 ауруының 87 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 8 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 304 012 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 87 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 7, 
 
Алматы қаласында - 23, 
 
Шымкент қаласында - 2, 
 
Ақмола облысында - 4, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 2, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 3, 
 
Жамбыл облысында - 0, 
 
БҚО-да - 3, 
 
Қарағанды облысында - 11, 
 
Қостанай облысында - 3, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 1, 
 
Павлодар облысында - 2, 
 
СҚО-да - 25, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 290 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 277 680 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 наурызға КВИ-ден 13 748 адам (12 693 КВИ+ және 1 055 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 348 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 12 400 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 101 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 38 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 23 пациент бар. 
 
2022 жылдың 8 наурызында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 1 жағдайы тіркелді, адам қайтыс болған жоқ, 19 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 326, өлім - 5 344, сауыққандар - 81 927. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 8 наурызға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 639 өлім жағдайы тіркелді. 7 наурызда 3 адам қайтыс болды. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 8 наурызға I компонентпен 9 410 880 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 042 521 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны