19.07.2022, 17:09 8806

Салық төлеушілерге 15 қыркүйекке дейін бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту қажет

Салық төлеушілерге 15 қыркүйекке дейін бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту қажет
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартуы қажет, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді", - деп нақтылады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 
Ведомствода еске салып өткендей, 2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынқолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына)өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
 
Осыған байланысты, "Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша" жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.
 

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық кәсіпкерлерге 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет. 15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді. Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз", - деп хабарлады комитетте.

 
Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді.
 
 "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны