27.06.2022, 18:47 17461

Синоптиктер шілдедегі құрғақшылықтың алдын-ала болжамын ұсынды

Синоптиктер шілдедегі құрғақшылықтың алдын-ала болжамын ұсынды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - "Қазгидромет" синоптиктері 2022 жылдың шілде айына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын дайындады. 
 
Статистикалық болжамға сәйкес, жауын-шашын тапшылығы тек Ақтөбе облысының Әйтеби ауданы мен Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында күтіледі.
 
Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қонаев қаласында қалыпты ылғалдылық күтілуде.
 
Айдың бірінші онкүндігінде құрғақшылық болжамы одан әрі нақтыланатыны атап өтілді. Барлық болжамдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ agrodata.kz қосымшасында жарияланады.
 
Ақпарат көзі: stan.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны