31.05.2022, 17:40 7736

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-дың 5 жаңа жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-дың 5 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 31 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 5 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 750 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
31 мамырға КВИ-ден 132 адам (82 КВИ+ және 50 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 54 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 78 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 6 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
 ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 504 158 адам, 2-ші компонентпен - 9 280 860 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 431 861 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны