01.06.2022, 14:43 8331

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-дың 5 жаңа жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-дың 5 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 5 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 755 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 5 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 3, Алматыда - 2.
 
30 мамырда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 292 015 адам сауығып кетті, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
1 маусымға КВИ-ден 128 адам (78 КВИ+ және 50 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 48 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 80 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 9 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 504 978 адам, 2-ші компонентпен - 9 282 326 адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны