11.03.2021, 15:42 17970

Тоқаев: вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз

Нұр-Сұлтан. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды өз денсаулығын сақтауға шақырды және коронавирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай алатынымызды атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Тоқаев осыдан тура бір жыл бұрын, 2020 жылғы 11 наурызда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның басталғанын жариялағанын еске салды.
 

Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік. Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын", - деп жазды Мемлекет басшысы Твиттерде.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны