13.07.2021, 22:38 8454

Вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шығарылмайды - Еңбек министрлігі

Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерге қашықтан жұмыс түріне ауысуды ұсына алады немесе әр 7 күн сайын ПТР тестін тапсыруға мәжбүр ете алады.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Жұмыс беруші қызметкерді вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шығара алмайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сонымен бірге ол қызметкерге қашықтан жұмыс түріне ауысуды ұсына алады. Қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан немесе мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерді жалақысын төлемей-ақ міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов eGov.kz порталдағы пайдаланушының сұрағына жауап бере отырып.

 
Егер қызметкер күндізгі режимде жұмыс істегісі келсе, ол ПТР тестін 7 күнде 1 рет өз есебінен тапсыруы керек. Сонымен қатар, тестілеуді жұмыс беруші өзара келісім бойынша төлей алады.
 
Шапкенов Қазақстан заңнамасында вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмегенін еске салды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда жұмыс берушілерге егілмеген қызметкерлер үшін айыппұл салынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны