10.01.2022, 14:05 13586

Зейнетақы мен жәрдемақы беру сағаттары туралы Қазпошта хабарлады

Зейнетақы мен жәрдемақы беру сағаттары туралы Қазпошта хабарлады
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАҢТАР - "Қазпошта" АҚ 2022 жылдың 10 қаңтарында пошта бөлімшелері Алматы қаласынан басқа, интернет-байланысы жұмыс істеген сағаттарында зейнетақы мен жәрдемақы беруді штаттық режимде іске асыратынын хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жамбыл облысындағы бөлімшелер 9:00-ден 15:00-ге дейін, Алматы облысындағы бөлімшелер 10:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген Қазпоштаның сайтында жарияланған хабарламада.

 
Сондай-ақ, баспасөз қызметі банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады. Осы орайда Қазпошта клиенттері 10.01.2022 ж. бастап ақшаны бөлімшелерде, сондай-ақ банкоматтардан шеше алады.
 

Сонымен қатар, Қазпоштаның "Оңтүстік" Ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистралдық маршруттарды іске қосып жатқанына байланысты компания 2022 ж. 10 қаңтарынан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеуді қайта бастайды", - деп толықтырды Қазпоштада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны