01.11.2023, 16:40 131106

"Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы мәлімдеме жасалды

Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ
ІІМ "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде "Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылуда.

Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ.

Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алды. Бұл балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған.

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды осындай абайсыз әрекеттерден қорғауға және барлығын жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны