07.11.2023, 17:59 30526

Желтоқсанда Қазақстан халқы қанша күн демалады

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар
Қазақстан желтоқсан айында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.

Тәуелсіздік күні: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16, 17, 18 желтоқсан күндері; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.

2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, соған сәйкес "16 желтоқсан Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн - 16 желтоқсанда тойлана бастады. Бұған дейін 17 желтоқсан да мереке күні болып саналып келген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны