16.02.2026, 15:19 14191

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде 6 медаль алды

Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінен.

Жалпы жүлде кестесі (20 мемлекет):

  • Ұлыбритания - 3 алтын
  • Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
  • Канада - 2 алтын, 1 қола

Қазақстан сапынан еркін бағдарламада Эдуард Ким мен әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова бастаған аруларымыз чемпион атанды.

Күміс жүлдені акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) иеленді

Қола жүлдегерлердің тізіміне Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) кірді.

Әлем Кубогының екінші кезеңі 27-29 наурыз күндері Парижде (Франция) өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны