03.04.2023, 08:38 38121

Қазақстандық Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Әлем кубогы Болгарияда өтті
Қазақстандық Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Сурет: Instagram/kazgymfederation
Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды. Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Гимнастшымыз Эльжана Таниева ұршық жаттығуы, доп және таспа жаттығуларының финалдарында өнер көрсетті. Финалдар қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпаймен 2-ші орынға ие болды.
 
Үздік үштікті Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова бастаса, 3-ші орын бразилиялық Барбара Домингосқа бұйырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны