29.09.2021, 19:44 199274

Сергей Седов ауыр атлетикадан ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Сергей Седов мән-жайы анықталғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері ҰҚК жаттықтырушылар штабынын айыптау туралы істі тергеу аясында, Федерация құрамына сарапшылар мен спорт ардагерлері енген комиссия құруды ұсынды.
 

Тергеу барысында Комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады", - делінген федерацияның ресми мәлімдемесінде.

 
Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Осыған байланысты ҚР ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.
 
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Михаил Макеев пен Фархат Самарханов Альберт Линдер қайтыс болғаннан кейін медальдарын қоқысқа тастады. Ал ауыр атлет Илья Ильин мансабын аяқтағаннан кейін мемлекет пен қоғамның қолдауынсыз спорттық және психологиялық жарақаттармен жалғыз қалатын спортшылардың ауыр жағдайы туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны