01.06.2023, 15:38 27781

Таразда Қазақстанның VI Жазғы спартакиадасы салтанатты түрде ашылды

Дүбірлі дода әр төрт жылда бір рет өтеді
Таразда Қазақстанның алтыншы Жазғы спартакиадасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды 24 Хабар.

Дүбірлі дода әр төрт жылда бір рет өтеді. Бұл жолғы бәсекеге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың спортшылары жиналды. Салтанатты шара театрландырылған қойылымнан басталды. Спартакиада алауы жағылып, еліміздің әр аймағынан келген командалар таныстырылды. Олар спорттың 27 түрінен сынға түседі. Ашылу рәсімінде спорт министрі саңлақтарға сәттілік тілеп, шараның маңызын атап өтті.

Спартакиаданың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының жазғы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларына ең мықты спортшыларды жасақтау және халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына лицензиялық жарыстарға қатысуға үміткерлерді анықтау", - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.


Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жамбылдық қос спортшы алтын мен күміс жүлде еншілеген. Шарада былғары қолғап шеберлерінің бапкерлеріне Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасы табысталды.

Спартакиаданың ашылу салтанатының киелі Жамбыл жерінде өтуі біз үшін зор мақтаныш, мерейлі мәртебе. Тараз топырағы - талай талантты спортшылардың томағасын сыпырып, түлеткен қасиеттi мекен. Бұл тұрғыдан біз олимпиада жұлдыздарымен мақтана аламыз, олардың жеңісті жолы жас ұрпаққа үлгі", дем мәлім етті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.


Бұл спартакиада 10 жыл бұрын тоқтап қалған. Қазір қайтадан жаңартылып жатыр. Бұл өте жақсы. Жас спортшыларға былай айтқанда спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік, үлкен мотивация", дейді бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов.


Спорт мерекесінің ашылу рәсімін 12 мың адам тамашалады. Шара өнер иелерінің концерттік бағдарламасына, мерекелік отшашуға ұласты. Маңызды бәсекенің волейбол, дзюдо және су добы жарыстары Таразда өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны