03.06.2021, 19:45 11750

Сенат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Бұл Келісім көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруды және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлесіп әрекет етуді көздейді.
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Бүгін Парламент Сенатының отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл Келісім көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруды және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлесіп әрекет етуді көздейді.
 
Осы заңға сәйкес енді тараптар анықталған көші-қон заңнамасының бұзушылықтары, заңсыз көші-қон жолдары, екі елдің аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы ақпарат пен мәліметтерді алмаса алады.
 

Осы құжат арқылы Әзербайжанда жүрген азаматтарымыздың мүдделерін тиісті деңгейде қорғауға қосымша мүмкіндіктер туындайды. Алдағы уақытта бұл заң көші-қон саласын реттеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны