Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің тұрғын үй, құрылыс материалдары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және жанар-жағармай нарықтарындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік төрағасының айтуынша, аталған салалар бойынша монополияға қарсы қабылданған шаралардың нәтижесінде бірқатар ірі құрылыс компаниялары бастапқы тұрғын үй бағасын маусым-тамыз айларында орта есеппен 7-20 пайызға төмендеткен, құрылыс материалдары бағасының өсуі сәуір айындағы 10,9 пайыздан, тамыз айында 3,2 пайызға дейін, бензин бағасы сәуір айындағы 8,4 пайыздан, мамыр айында 0,2 пайызға дейін арзандаған. Қазір де осы бағалар сақталып отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының апта сайынғы қымбаттау көрсеткіші сәуір айындағы 0,6 пайыздан 14 қыркүйектегі мәлімет бойынша 0,1 пайызға дейін азайған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына тауар биржаларындағы коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасының барысы туралы баяндалды. Онда жергілікті операторлар отынды шағын партиялармен тікелей сатып алуға мүмкіндік алады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің дәрілік заттардың бағасын қайта реттеу, радиожиіліктерді аукционға шығару арқылы мобильді байланыс нарығында бәсекелестік қалыптастыруға жағдай жасау, жолаушылар тасымалы 2 миллион адамнан асатын әуежайлардағы жерде қызмет көрсету түрлеріне тәуелсіз тасымалдаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ фармацевтика, жол құрылысы, медицина салаларында жүргізіп жатқан монополияға қарсы бақылау шаралары туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына Агенттіктің кедергілер жөніндегі кеңес алаңдарында бәсекелестікті дамытуға қатысты шектеулерді жою қызметі, бәсекелестік мәселелері жөніндегі заң жобасы, бәсекелестікті дамыту тұжырымдамасының әзірлемесі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі бәсекелестікті дамытудың соңғы үрдістері туралы айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есеге төмендеді
Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде", - деп хабарлады Айжан Бижанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті
Мұнда Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу туралы сөз болып отыр. Цифрландыру мен есепке алу су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сенімді деректердің болуы және бірлескен мониторинг мемлекеттер арасындағы сенімнің негізі болып саналады және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.04.2026, 17:46Астанадағы қазақ-поляк бизнес-форумы: іскерлік серіктестіктің нығаюы 10.04.2026, 18:49 299306Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Алматы - Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе қатынасын ашты10.04.2026, 19:52 299041Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады10.04.2026, 20:55 298731Қазақстан мен Финляндия сайлау және демократиялық институттар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда10.04.2026, 21:57 298486Қазақстан өңірлері Мордовиямен ынтымақтастықты нығайтуда
20.03.2026, 09:23 319951Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады09.04.2026, 22:29 300256Investment Protection Forum: тұрақтылық пен инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету10.04.2026, 17:46 299551Астанадағы қазақ-поляк бизнес-форумы: іскерлік серіктестіктің нығаюы10.04.2026, 18:49 299306Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Алматы - Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе қатынасын ашты10.04.2026, 19:52 299041Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

