10.02.2022, 18:32 24421

Сенат қазақстандықтардың АҚШ-тағы шоттары туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін заңды мақұлдады

Осы режімге қосылмаған жағдайда халықаралық банк аударымдары сомасының 30%-і ұсталуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН. 10 АҚПАН - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Заңға сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті", - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

 
Бірінші вице-министрдің айтуынша, заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтеріне қатысты.
 
Осы режімге қосылмаған жағдайда, егер төлемді алушы АҚШ-тағы салық салынатын тұлға, ал аударылған қаражат АҚШ аумағындағы инвестицияға қатысты табыс болса, халықаралық банк аударымдары сомасының 30%-і ұсталуы мүмкін. Келісімге қосылатын қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтап, ашуға міндетті.
 

Қазақстанның Келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осылайша, осы мәселедегі екі ел арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның бюджетіне оң әсер етеді", - деді Жақсылықов.

 
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі сөзінің соңында, Қазақстанның орталықтандырылған ақпарат жинауды көздейтін үлгіні таңдағанын атап өтті. Бұл қаржылық жүйеге бақылау жүргізуді сақтауға, Қазақстанның азаматтары мен резиденттері туралы АҚШ-тан ақпарат алуға, Қазақстанның қаржы институттарының әкімшілік шығындарын қысқартуға, сондай-ақ Келісім талаптарына байланысты қаржы саласындағы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны