Сурет: depositphotos
Заң тараптардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тараптар радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтардың, радиациялық-қауіпті заттардың заңсыз тасымалдануын болдырмау мақсатымен кедендік бақылау жұмысына қазіргі заманғы технологияларды енгізу мәселелері бойынша ынтымақтасуға мүмкіндік алады. Бұл нормалардың барлығы, бірінші кезекте, азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған.
Қабылданған Заң ядролық және радиоактивті материалдарды кедендік шекарада заңсыз өткізудің алдын алуға арналған. Құжат Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы біріккен іс-қимылдардың құқықтық негізін қалыптастыруды көздейді. Алдағы уақытта бұл заң екі мемлекет арасындағы кедендік бақылауға қатысты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң үлесін қосады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.