31.05.2022, 17:57 8696

Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті
НҰР-СҰЛТАН. 31 МАМЫР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты. 
 
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
 

Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті", - деп хабарлайды ОКҚ.

 
Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны