05.09.2022, 20:09 15336

ҚР СІМ Нұр-Сұлтанда америкалық әскери "Боингтің" пайда болуына қатысты түсініктеме берді

ҚР СІМ Нұр-Сұлтанда америкалық әскери "Боингтің" пайда болуына қатысты түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының әскери ұшағының елорда әуежайына қону себебін айтты.
 
Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарында елорда әуежайына АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі Boeing C-17A ұшағының қонғаны туралы ақпарат тараған болатын.
 

Бұл ұшақ америкалық тараппен арадағы уағдаластық бойынша ұшып келді. Ол Америка Елшілігіне дипломатиялық жүк әкелді. Мұндай тәжірибе бар. Дипломатиялық жүк тасымалдайтын барлық ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі. Сондықтан олар әскери ұшақтар. Көптеген адамда неліктен ол әскери деген сұрақ туындайды. Бұған дейін ол өңірлерге, бірқатар елге пошта жеткізген. Ұшақ бір жарым сағаттай тұрды. Жүгін түсіріп, ұшып кетті", - деп түсіндірді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны