26.12.2022, 15:15 14916

Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке келді

Мұнда Қазақстан басшысы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке келді
Сурет: telegram/БОРТ№
Санкт-Петербург. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары, сондай-ақ Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны