13.06.2025, 15:35 128871

2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ:

- жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;

- жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;

- 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;

- 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;

- 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.

 Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

 227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны