23.10.2025, 16:12 7341

2025 жылы экологиялық мақсатта Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді

2025 жылы экологиялық мақсатта Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді
Сурет: Depositphotos
Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені арқылы экологиялық мақсаттағы су жіберу шаралары аясында шамамен 6,32 млрд текше метр су жіберілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ертіс бассейндік инспекциясының 2025 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Судың экологиялық мақсатта жіберілуі нәтижесінде Павлодар облысында шамамен 305 мың гектар жер суарылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 27,5 мың гектарға артық.

Биыл Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары су заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 58 тексеру жүргізіп, 25 млн теңге көлемінде 52 әкімшілік айыппұл салды.

2025-2027 жылдарға арналған өзендер мен көлдерді санациялау жөніндегі жол картасы аясында Абай облысында ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Кіндікті мен Көкпекті өзендерінің учаскелерін тазарту жұмыстары аяқталды.

Экологиялық мақсатта су жіберу жұмыстары жыл сайын экожүйелер мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау, сондай-ақ су нысандарын ластанудан және таусылудан қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, су жіберу арқылы шалғындықтар мен табиғи жайылымдар суарылады. Бұл мал шаруашылығының жем-шөп қорын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді", - деді Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны