27.03.2023, 09:05 11791

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 26-27 сәуірде Астанада өтеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 26-27 сәуірде Астанада өтеді
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы ҚХА-ның кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді", - делінген хабарламада.


Еске салайық, өткен жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасын бекіткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны