24.02.2023, 11:48 45741

АҚШ Мемлекеттік хатшысы 28 ақпанда Қазақстанға келеді

Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

СІМ-де айтылғандай, Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.

Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны