21.11.2022, 12:14 17996

Қазақстандағы Президенттік сайлауға сайлаушылардың 69,44% қатысты

Қазақстандағы Президенттік сайлауға сайлаушылардың 69,44% қатысты
Астана. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚР ОСК.
 
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірлері мен шет елдердегі барлық сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды, деді ОСК басшысы.
 
Нақтыланған тізімдерге сәйкес, ҚР азаматтарының жалпы саны 11 953 465 адамды құрады. 8 300 046 адам немесе 69,44% сайлау бюллетеньдерін алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының брифингінде төраға Нұрлан Әбдіров.
 
Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31% дауыс берді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны