03.03.2021, 18:29 9586

Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесі артады

Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келісімге сәйкес 2024 жылдан бастап ЕАЭО елдері темекіге 1 мың дана үшін 35 евро индикативтік мөлшерлемені тиісінше 20% - ға ауытқу құқығымен қолдануы тиіс", - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әсет Ерғалиев.

 
Бұл ретте темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңімен үйлестіру көзделеді. 
 
Осы заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин егер ұлттық валютаның еуроға қатысты бағамы өзгерсе бұл темекіге акциздің мөлшерлемесіне, сондай-ақ бөлшек сауда бағаларына қалай әсер ететініне көңіл бөлу керектігін айтты. 
 
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев түсіндіргендей, бағам күрт өзгерген жағдайда ЕАЭО-ға мүше елдердің әрқайсысы акциздердің индикативтік мөлшерлемесін қайта қарауды сұрап, Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінуге құқықы бар және шешім толық консенсусқа қол жеткізілген кезде, яғни ЕАЭО-ның барлық мүшелері келісетін кезде қабылданады. 
 

Бұл жерде көп жағдай Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ комиссиядағы өкілдердің, олардың курстың барлық өзгерістеріне жедел іс-әрекет етулеріне байланысты болады, осы Келісім шеңберінде Қазақстанның мүддесін, еліміздің міндеттемелерін де сақтау мақсатында уақытылы шаралар қабылдау қажет", - деді Нұрлан Нығматулин.

 
Жалпы, заң жобасы темекі өніміне арналған акциздер мөлшерлемелерін үйлестіру жолымен ЕАЭО шеңберінде темекі өнімдері нарығының жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл темекі өнімдерінің заңсыз айналымын тежеуге мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны