06.04.2021, 20:04 5832

Сәуір айының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде "Ashyq" жобасы енгізіледі

Сондай-ақ, эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін "адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын" енгізу мен мобильді мониторингтеу топтарының тиімділігін жақсарту тапсырылды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин сәуір айының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде "Ashyq" жобасын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Денсаулық сақтау, цифрландыру, ішкі істер министрліктеріне, "Атамекен" ҰКП, өңірлердің әкімдіктеріне осы жылдың сәуір айының соңына дейін бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін "адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын" енгізу мен мобильді мониторингтеу топтарының тиімділігін жақсарту мақсатында барлық өңірлерге "Ashyq" жобасын кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды", - деп тапсырды Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны