07.04.2021, 19:25 6510

Шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Бүгінгі мақұлданып отырған жер қатынастары туралы заң жобасының Қазақстан қоғамында маңызы да, орны да ерекше.
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар бірінші оқылымда шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі мақұлданып отырған жер қатынастары туралы заң жобасының Қазақстан қоғамында маңызы да, орны да ерекше. Себебі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген осы құжаттың нәтижесінде халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады. Бұл заң жобасы жер туралы түрлі пікірлерді тоқтатып, алдағы уақытта жерді қолдану мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жол ашады. Бұдан басқа, өздеріңіз білетіндей, осы мәселе бойынша құрылған комиссия, құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары да кіретін жер реформасы бойынша жұмысын жалғастыруда. Біз осы комиссия қызметінің нәтижесінде жер қатынастары саласына және жалпы агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне қатысты көптеген басқа да мәселелерді шешу жолдары табылатынына сенеміз. Өйткені бұл тек экономиканың ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғамның тыныс-тіршілігінің ең басты бағыттарының бірі. Сондықтан бүгінгі шешімдердің маңыздылығы айқын, - деді.

 
Айта кету керек, жер заңнамасынан шетелдік жер пайдаланушыларға және шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлеріне құқықтар беру мәселелерін регламенттейтін құқықтың материалдық нормалары алып тасталмақ. 
 
Бұл ретте, 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жоғарыда аталған жер пайдаланушыларға жалға беру шартымен берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылатыны және ұзартылуға жатпайтыны көзделген.
 
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салуды тапсырды.
 

Бұл шетелдік акциялары бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мен мұны Президенттің заңнамалық бастамасы бойынша шұғыл түрде жасау керек деп шештім. Президент Әкімшілігі бұл мәселе бойынша тиісті заң жобасын әзірлеуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

 
Президент Қазақстанда жер шетелдіктерге сатылмайтынын бірнеше рет айтқан болатын. Бұл туралы оның "Тәуелсіздік бәрінен бұрын" мақаласында да айтылған.
 
12 наурызда заң шығару бастамасы құқығын пайдалана отырып, Тоқаев мәжіліске шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын жіберді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны