16.07.2021, 20:48 20201

Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар қалай демалады

АЛМАТЫ. 16 ШІЛДЕ - Қазақстандықтар Құрбан айтқа қалай демалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады (ауыстырусыз). 
 
2021 жылы Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеге келеді, сейсенбі сәйкесінше демалыс күні болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-сұлтан мен Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу және карантиндік шаралар күшейтілді. Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды (оның ішінде айт намазы) өткізуге тыйым салынады. 
 
Қала тұрғындарына qurban2021.kz сайтқа өтінім бере отырып, құрбандық шалуды онлайн режимде жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны