07.02.2022, 18:19 23346

Тоқаев Елбасының өкілеттігін қысқарту туралы Заңға қол қойды

Тоқаев Елбасының өкілеттігін қысқарту туралы Заңға қол қойды
Сурет: elbasy.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қол қойылған заңдар, атап айтқанда, "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңға, "Қауіпсіздік Кеңесі туралы", "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" заңдарға өзгерістерді көздейді.
 
Бұдан басқа, түзетулер депутаттық мандаттарға квоталанатын санаттардың 30%-ы қатарына тек әйелдер мен жастар ғана емес, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар да кіреді деп көздейді.
 
Естеріңізге сала кетейік, қабылданған түзетулермен Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде өмір бойы төрағалық етуі жойылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны