24.02.2022, 17:50 13021

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды
Сурет: nationalbank.kz
НҰР-СҰЛТАН. 24 АҚПАН - Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды.

Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Йорк университетінде білім алған. Мамандығы -  «Экономика және қаржы».

Еңбек өтілі:

  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы (2009-2010);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ менеджері (2010-2013);
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (2013-2014);
  • Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2014-2016);
  • Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (10.2016-2019);
  • «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2020);
  • ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (2020 жылдан бастап).

Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны