17.05.2022, 17:25 14841

Тоқаев Үкімет басшылығымен кеңес өткізді

Тоқаев Үкімет басшылығымен кеңес өткізді
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері және "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басшылығы қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды.
 
Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, Үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны