08.08.2022, 19:05 7801

Смайылов "Зерде" холдингін тарату туралы Қаулыға қол қойды

Смайылов "Зерде" холдингін тарату туралы Қаулыға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. 8 ТАМЫЗ - Қазақстан Үкіметі "Зерде" холдингі" акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды. 
 

ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен. 

 
Айта кетейік, "Зерде" холдингін жабу жылына шамамен 3 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі айтылған болатын. 
 
2016-2021 жылдары холдингтің жинақталып қалған шығыны 7 млрд теңгеге жетіп отыр. 
 
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма бергенін хабарлаған едік.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны