01.09.2022, 16:09 7111

Тарифтерді күшпен ұстап тұру азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді - Тоқаев

Тарифтерді күшпен ұстап тұру азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі тозған, бұл көрсеткіштерді кем дегенде 15%-ға қысқарту қажет, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, мемлекеттің баға белгілеуге араласуынан бас тарту керек.
 

Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Осыдан-ақ біраз жайтты аңғаруға болады. Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына әкеп соқтырады. Осының салдарынан азаматтардың денсаулығына және өміріне қатер төнеді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 
Оның айтуынша, монополиялы нарықтарда "Тарифті инвестицияға айырбастау" деген жаңа тариф саясатына көшу керек. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны