Система Orphus

ҚР Конституциясына өзгерістер туралы заң жарияланды

19.09.2022, 16:11 16016
ҚР Конституциясына өзгерістер туралы заң жарияланды
Заң Конституцияда Республика Президенті өкілеттігінің бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеуді, сондай-ақ Негізгі Заңның ел астанасын қайта атауға қатысты 2-бабына өзгерістер енгізуді көздейді.
АСТАНА. 19 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін, 19 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Cұлтан қаласын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" ҚР Президентінің Жарлығы ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Бүгін, 19 қыркүйекте "Казахстанская правда" газетінде "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" ҚР Президентінің Жарлығы ресми түрде жарияланды.
 
Заң Конституцияда Республика Президенті өкілеттігінің бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеуді, сондай-ақ Негізгі Заңның ел астанасын қайта атауға қатысты 2-бабына өзгерістер енгізуді көздейді.
 
Жоғарыда аталған құжаттарға Президент Тоқаев 17 қыркүйекте қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны