09.11.2022, 14:26 31726

Қазақстанда алқабилер соты үшін қылмыстар тізімін кеңейтеді

Алқабилердің өкілеттіктерін кеңейтетін түзетулер Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.
Қазақстанда алқабилер соты үшін қылмыстар тізімін кеңейтеді
Сурет: Pexels
Астана. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алқабилердің өкілеттіктерін кеңейтетін түзетулер Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
 
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
 
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру үшін әзірленген.
 
Мақсаты – алқабилердің қатысуымен істерді қарау мәселелерін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру. Қазір алқабилер қылмыстық құқық бұзушылықтардың 14-құрамын қарастырады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 35-ке дейін, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, аса ауыр ғана емес, құқық бұзушылықтардың басқа да құрамы бойынша 43-ке дейін ұлғаятын болады.
 
Алқабилер соты елімізде құрылған сәттен бастап, 2007-2015 жылдары сотталушының өтінішімен тек өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген істерді қарауға ғана қатысқан. Енді олардың қатысуымен қаралатын істер санаты кеңейтілмек.
 

Бүгін қаралып жатқан заң жобасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алқабилердің соттылығын кеңейту және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 13 ауыр қылмыс құрамын беру ұсынылады. Жалпы алғанда, алқабилер сотының соттылығына 44 құрам жататын болады", – деді Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов баяндамасында.

 
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Берік Бекжановтың айтуынша, ұсыныстар сот қызметін жетілдіруге, соттарға деген сенімді арттыруға, сот төрелігін іске асыру рәсіміне азаматтық қоғамның қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша жан-жақты талқылау жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны