15.12.2022, 12:11 23241
Қазақстанда алқабилер азаптау, рейдерлік, дене мүшелерін заңсыз алып қою туралы істерді қарайтын болады
Достарға айту
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің құзырында 45 құқық бұзушылық, соның ішінде азаптау, рейдерлік істер, адамның тіндері мен мүшелерін алуға мәжбүрлеу істері болады
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Палата отырысында сенаторлар "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Құжатқа енгізілген жаңа нормалар соттарға деген сенімді арттыруды және азаматтық қоғамның сот ісін жүргізу рәсіміне қатысуын жандандыруды көздейді.
Жалпы, бұл заңның негізгі мақсаты - қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру. Сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениетінің өсуі және сот төрелігінің нәтижелеріне азаматтардың қанағаттану деңгейінің артуы қамтамасыз етілмек.
Қазіргі таңда Қазақстанда соттар алқабилердің қатысуымен тек аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарайды. Заңда алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жататын қылмыстық істер санатын ауыр және ауырлығы орташа қылмыстардың тағы 13 құрамымен кеңейтуге қатысты нормалар бар.
Осы заң бойынша пікір білдірген Мәулен Әшімбаев бұл бағыттағы жаңа нормалар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мақсатымен қабылданғанын айтты.
Қабылданған заң алқабилер сотын одан әрі дамытуды және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің санаттарын кеңейтуді көздейді. Бұл - қоғамның сұранысына сай келетін әділетті құқық қорғау жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Алдағы уақытта алқабилер соты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуына қосымша кепілдік береді деп сенеміз", - деді Сенат Төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.11.2024, 13:46 19511
Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде
Достарға айту
Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде атмосфералық ауаның сапасын бақылауды жүзеге асыратын экобекеттердің саны ұлғайды.
Атап айтқанда, "Қазгидромет" РМК-ның тарапынан атмосфералық ауаның ластануын мониторингтеу бойынша қызметтер көрсетудің төмен сапасы негіз болды.
Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана қолданыстағы 5 экостанциясына қосымша Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдіктерінің 8 экостанциясын (Қазгидромет экобекеттерін) қолдану мәселесі шешілді.
Прокурорлық ден қою нәтижелері бойынша мониторингте басқа облыстарда орнатылған жергілікті атқарушы органдардың 58 экостанциясы пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда олардың барлығы мемлекеттік бақылау желісіне, оның ішінде пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін "AirKZ" мобильді қосымшасына біріктірілген (әзірлеуші "Қазгидромет" РМҚ).
Мобильді қосымша 69 облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалардың экостанцияларына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік береді (AppStore және Google Play-де қол жетімді).
Сондай-ақ соңғы 24 сағаттағы зиянды шығарындылар концентрациясының өзгеру динамикасын және әрбір ластаушы заттың сипаттамасын ұсынады.
Нәтижесінде азаматтар әртүрлі кластерлер туралы хабардар бола отырып, ауаның ең қолайлы сапасы бар аудандарды дербес анықтай алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:38 20136
Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдету үшін "әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы дәрілік заттарға электронды ваучерлер алу тетігі қарастырылады
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы ірі отандық фармацевтика компанияларының басшылары: "Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы" атқарушы директоры Светлана Киль, "Химфарм" компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Айгүл Исенова баяндама жасады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1 588 түрі сатып алынған. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 251 млрд теңге бөлінді, бұл 120 нозология бойынша қамтуды 3,5 млн науқасқа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ақмарал Әлназарова бүгінгі таңда 241 млрд теңгеге 1213 стационар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Премьер-министр дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етудің, сондай-ақ медициналық мекемелер үшін 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектер сатып алу және жеткізу рәсімдерін уақтылы аяқтаудың маңызды екенін атап өтті.
Президент ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыруды тапсырды. Бұл орайда халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету - аса маңызды мәселе болып отыр. Мемлекет медициналық көмек көрсету кезінде және есепте тұрғандарға дәрілік заттарды тегін береді. Бұл мақсатқа биылдың өзінде бюджеттен шамамен 500 млрд теңге бөлінді. Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және оларды алдын ала сатып алу - ең басты міндеттердің бірі. Ауруханалар мен емханалар үшін 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу мен жеткізу рәсімдерінің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек тапшылығы деген мүлдем болмауы керек", - деп баса айтқан Олжас Бектенов, денсаулық сақтау министрі мен "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының дербес жауапкершілігін атап өтті.
Жалпы, дәрі-дәрмек нарығын жекеменшік өндірушілер, жеткізушілер және дәріхана желілері қалыптастырады. Премьер-министр бұл бизнесті мемлекет тарапынан препараттардың қауіпсіздігі, сапасы және оларды тіркеу тұрғысынан ғана реттелетініне назар аударды. Мәселен, биыл дәрі-дәрмектің өндірушіден емделушіге дейінгі қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау енгізілді. Сонымен қатар тегін препараттардың заңсыз айналымына жол бермеу үшін ауруханалар мен емханаларда бақылау тетігі қарастырылған.
Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Үкімет жергілікті дәрі-дәрмек өндірушілерді қолдау шараларын іске асыруда, бұл дәрілік заттар импортын азайтуға және нарықтағы бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Премьер-министр қазақстандық зауыттардың өндірістік қуатын ескере отырып, оларда өнім шығару көлемін ұлғайту, ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялар мен ғылыми ұйымдар арасында ынтымақтастық қажет екенін баса айтты. Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің алдына фармацевтикалық жаңа өндірістер ашуға және жоғары технологиялық шешімдерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасау міндеті қойылды.
Мемлекет басшысының сирек кездесетін аурулары бар науқастарды қымбат препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігіне "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, орфандық препараттарды сатып алуды қаржыландыру тізбесі мен көздерін айқындап алуды тапсырылды. Премьер-министр ешкім де көмексіз қалмауы тиіс екенін баса айтты. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіруді жақсарту мақсатында республикалық орфандық аурулар орталығы құрылды.
Пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдету үшін "әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы дәрілік заттарға электронды ваучерлер алу тетігін іске асыруды жеделдету қажеттігі жеке атап өтілді. Аталған міндет Денсаулық сақтау министрлігінің алдына қойылды. Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды.
Жұртшылық кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін берілетіНін нақты білуі тиіс. Мемлекет өз міндеттемеЛерін орындап отыр", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2024, 13:07 20366
Үкіметте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды
Премьер-министр профилактикалық жұмысты күшейту және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов алдын алу жұмыстары туралы айтты, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ТЖМ мәліметінше, биыл қазан айының басынан бері тұрғын үй секторында орын алған 650-ден астам өрт тіркелген. Негізгі себептердің бірі - жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы. Шыңғыс Әрінов өңірлер бойынша Қостанай, Қызылорда және Абай облыстарында өрттің көбейіп отырғанын баяндады.
Премьер-министр профилактикалық жұмысты күшейту және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды.
Жылу беру кезеңінде өрттердің 50%-ға жуығы пештер мен мұржалардағы ақаулардың кесірінен орын алады. Алайда, өрттің негізгі шығу себебі жылыту пештері мен қазандықтарды пайдалану кезінде өрт қауІпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған баса назар аударып, мұндай бұзушылықтарға бей-жай қарамауға тиіс. Тек ұсыным берумен ғана шектелуге болмайды. Ол үшін газ-техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Әкімдіктерге ТЖМ - мен бірлесіп тұрғын үй секторында барлық жерде өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілді.
Премьер-министр халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін газ датчиктерімен қамтамасыз ету міндетін қойды. Мұндай үйлер есепке алынып, олар ерекше бақылау аймағында болуы тиіс. Әсіресе Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз жүргізілуде - 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Олжас Бектенов жұмысты күшейтуді тапсырды.
Жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді. Олжас Бектенов әкімдіктерге жүктелген газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмайтынына назар аударды. Газ толтыру пункттерінің меншік иелері тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар Премьер-министр өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баллондар өндірісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Премьер-министр халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне Ішкі істер министрлігі мен әкімдіктер бірлесіп, жеке тұрғын үйлерге рейд жүргізуді жандандыру тапсырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде профилактикалық материалдар тарату мәселелерін пысықтау тапсырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі алдына жылу беру кезеңінде өрттің алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 13:48 55936
Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Достарға айту
Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 11:32 59716
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеті инновациялық IT-жоба гранттық қаржыландыру алды
Достарға айту
Алматыда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновациялық IT-шешімдерді дамытуға бағытталған стартап-жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Алты жеңімпаз команда өз идеяларын іске асыруға 1 млн теңге, тағы бір команда - 500 мың теңге көлемінде гранттар алды. Жақын арада олар өз жобаларының прототиптерін жасауға кіріседі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Іс-шара ITMlab жобасы аясында ұйымдастырылды, оны ITeachMe қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша стартап-жобаларды іріктеу бойынша хакатондар Алматы және Астана қалаларында өткен болатын.
Финалдық таныстырылым барысында 18 команда өз жобаларын ұсынды, олардың идеялары бір ай ішінде кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен пысықталды.
Барлық жобалар технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, коммуникацияларды жақсартуға, ұтқырлықты арттыруға және инклюзивті қоғам үшін жағдай жасауға бағытталған, бұл мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға ықпал етеді.
Таныстырылымдар аяқталғаннан кейін қазылар алқасы 1 млн теңге көлемінде прототиптерді іске асыруға арналған гранттар алған 6 команданы таңдады. Қосымша тағы бір команда 500 мың теңге көлемінде көтермелеу наградасын алды.
Shaka - көру қабілеті нашар адамдарға күнделікті өмірде бағдарлануға мүмкіндік беретін вибромоторлармен/сенсорлармен жабдықталған қолғап;
Fenix Recovery - арнайы оңалту орталықтарында да, үйде де қолдануға арналған экзоскелет және локомоторлы тренажер;
Bulan - мүгедектігі бар адамдар қолданатын арбаларға арналған оңтайландырылған электронды қорап;
РиМы - Брайль шрифтында негізделген электронды кітап;
ОО "Жан" - қолдану мерзімі ұзақ қолға ұстайтын таяқтар ұштарын өндіру;
Техносила - нейрондық алгоритмдері бар қолдың бионикалық протезі;
Procrastinators - нақты уақыт режимінде ымдау тілінен мәтінге және керісінше аудармашылық қосымша
Үш айдың ішінде барлық 7 команда өз жобаларының прототипін жасау үшін жұмыс істейді. Ақпан айының басында олар қол жеткізілген нәтижелер мен мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықтимал әсерін көрсете отырып, мүдделі тараптар мен инвесторларға дайын әзірлемелерді ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 11:30 60181
Көлік министрлігінде ИКАО-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
Достарға айту
Көлік министрлігінде ИКАО-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінене.
"Қазақстандағы ИКАО апталығы" аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ИКАО(EUR/NAT) Еуропа және Солтүстік Атлантикалық бюросының Аймақтық директоры Николас Ралломен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Авиация саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ИКАО-ның ресми іс-шараларын өткізуіне бағытталған бастамалары қаралды.
Николас Ралло 2025 жылы Қазақстан Республикасында ИКАО тарапынан азаматтық авиация саласындағы гендерлік теңдік мәселелері және авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша екі өңірлік семинарды өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар, Николас Ралло биыл мамыр айында Қазақстан Республикасының ИКАО-да Тұрақты өкілдігін ашқанын ерекше атап өтті. Қазақстанның ИКАО-да Тұрақты өкілдігінің болуы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту және ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйыммен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.
ИКАО EUR / Nat бюросының басшысы авиация инфрақұрылымын жақсарту және азаматтық авиация реформаларын енгізуде елдің елеулі жетістіктерін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 11:08 60721
Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлада
Достарға айту
Қазақстан АӨК өнімдері экспортын ұлғайтуда және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстан бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылуда.
Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (ҚТЖ) деректері бойынша елімізде жыл басынан бері астық экспортының өсуі тіркелді, бұл ретте жаңа тасымалдау бағыттары игерілуде. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артқаны байқалады.
Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастады. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға өсті", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Жүгері дәнінің экспорты биыл 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаны құрады. Тәжікстанға тасымалдау 38%-ға, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астамға өсті. Сондай-ақ биыл Иранға жүгері дәнін тасымалдау басталды.
Жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жетті, басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілді.
ҚТЖ мәліметінше, бұршақ тасымалы үш есеге артты. Қазақстаннан Ауғанстанға импорт көлемі екі есе, Өзбекстанға үш есе өсті. Сондай-ақ күріш өндірушілер Әзербайжан мен Беларусь жаңа нарықтарын игеру арқылы экспортты +47%-ға (52 мың тонна) арттырды.
Сонымен қатар 2024-2025 маркетинг жылында Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр.
Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының (МДӨҰҚ) басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі - Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр. Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде $56 млн-ға келісімшартқа отырды. Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, Шанхайда биыл қазақстандық 12 май зауыты май өнімдерін ұсынады.
Бүгінгі таңда Қытай қазақстандық май өнімдері экспорты бойынша қаржылай көрсеткіште көш бастап тұр. Майлы дақылдар өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы қазақстандық 24 май зауытын Қытай кеден тізіліміне жедел енгізуге жәрдемдескен салалық министрліктер - ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан болған қолдаудың маңыздылығы атап көрсетті. Сондай-ақ өсімдік майларының ай сайынғы экспорттық көлемін біркелкі бөлу бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-мен үйлестірілген жұмыс маңызды аспект болып саналады. Май өңдеушілер екі жыл ішінде Қытайға өсімдік майы мен мал азығы экспортын $300 млн деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстанның CIIE-2024 көрмесіне қатысуы Қытай нарығына май өнімдері экспортын кеңейту мен еліміздің Азиядағы сауда позициясын нығайтудағы маңызды қадам болды.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті айтарлықтай үлкен, бұл оның ірі нарықтарға: Қытай, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне жақын болуына байланысты.
Өнеркәсіптік инвесторлар одағының деректері бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 млрд теңгені құрайды, 2025 жылы 300 млрд теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 8 кәсіпорында тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығарылады, бұл қазірдің өзінде шаруалардың осы техникаға деген жылдық қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Тағы 20-дан астам кәсіпорын тіркеме және аспалы ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын шығарып, импортқа тәуелділікті азайтуда. Бүгінде тракторлар мен комбайндардың, сондай-ақ аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасының әрбір шығарылатын үлгісіне дәнекерлеу, кесу, ию және бояу операциялары орындалады. Трактор кабиналарын дәнекерлеу және бояу, сондай-ақ энергиямен қаныққан тракторлар корпусы элементтеріне пластикалық бөлшектерін дайындау мерзімінен бұрын игерілді. Келесі жылы өндірушілер астық бункерлерін, көлбеу камераларды, ұсақтағыштарды және комбайн кабиналарын жасау бойынша операцияларды меңгеруді жоспарлап отыр. Еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы машина жасау локализациялау орталығы Қостанайда жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасы мен автоөнеркәсіпке арналған 25 мың бірлік торап, агрегат, компонент пен қосалқы бөлшек шығарады.
Биыл отандық ауылшаруашылық техникасын сатып алғанда шаруаларды субсидиялау туралы шешім қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр: жетекші шетелдік өндірушілер біздің нарыққа қызығушылық танытуда. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, әлемге әйгілі John Deere компаниясы Қазақстандағы жергілікті қатысуын құрастыру кооперациясы арқылы кеңейтуді жоспарлап отыр.
Deere & Company, Eurasia Group және "Бәйтерек" холдингі құрастыру ынтымақтастығы арқылы John Deere компаниясының Қазақстандағы жергілікті қатысуын кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл стратегиялық серіктестік инновацияларды ынталандыруға, жергілікті өндірістік қуаттарды нығайтуға, елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етуге арналған және Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, цифрлық трансформацияға және тиімділікті арттыруға бағытталады, деп атап көрсетті Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ең озық технологияларды пайдалана отырып және білім алмасуды қолдау арқылы біз экономикаға да, жергілікті қауымдастықтарға да пайда әкелетін тұрақты өсудің негізін қалап жатырмыз", - деді, John Deere ТМД және Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы және көгал жабындылары бизнесінің президенті Чаба Лейко.
Eurasia Group - Қазақстандағы John Deere техникасының ресми дилері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2024, 10:52 60996
Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды
Достарға айту
Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЖС баспасөз қызметінен.
Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімімен Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа судья-үйлестірушілері тағайындалды:
- әкімшілік іс жүргізу бойынша Аслан Тукиев (ЖС Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы);
- қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша Еркеш Мәукен (ЖС судьясы);
- азаматтық сот ісін жүргізу бойынша Марина Боровик (ЖС судьясы).
Оларға Коммуникация бөлімімен бірлесе отырып, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңарулар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.
БАҚ-пен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл тәсілдерін қайта қарауды талап ететін белсенді коммуникациялардың жаңа шындықтарын ескере отырып, мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылды:
- БАҚ-қа ашық сот процестеріне қолжетімділік және жабық сот отырыстарында қаралған істер бойынша БАҚ-қа сапалы ақпарат беру;
- үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметтерінің біліктілігін арттыру;
- заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, БАҚ-пен өзара байланыс орнату және т.б.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.11.2024, 13:07Үкіметте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды 12.11.2024, 13:38 19856Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдету үшін "әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы дәрілік заттарға электронды ваучерлер алу тетігі қарастырылады12.11.2024, 13:46 19231Ұлытау облысында ауа сапасының мониторингі жүргізілуде12.11.2024, 11:16 10376Қазақстанда екі жыл ішінде интернет-алаяқтық бойынша істер саны 270% өсті12.11.2024, 11:24 8311Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарлама аясында 2022-2023 жылдары 4100 пәтер берілді
08.11.2024, 13:42 112971Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады07.11.2024, 17:05 99856Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 99556Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды08.11.2024, 13:35 87641Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды08.11.2024, 10:19 78341Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды
24.10.2024, 16:52 139001Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 135721Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 133101Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 128666Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 128506Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді