23.02.2023, 12:19 14021
Тоқаев Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту шараларын күшейтуді тапсырды
Достарға айту
Қалада жасыл желегі мол аумақтардың ауданын ұлғайту, соның ішінде өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланып отыр
Алматы. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.
Ақордада хабарланғандай, биыл қаңтар айында қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы инвестициялық және іскерлік белсенділіктің өсуі есебінен 136,7 пайызға дейін артты. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9 пайызға ұлғайды. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.
Мемлекет басшысына қала ішінде "жасыл дәліздер" жасау үшін Дүниежүзілік банкпен бірлесе әзірленіп жатқан іс-әрекет жоспары бойынша аралық есеп берілді. Бұл бастама аясында жасыл желегі мол аумақтардың ауданын ұлғайту, соның ішінде өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, Президентке Алматының Индустриялық аймағында автомобиль кластерін құру барысы баяндалды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ластанған ауа мәселесі қала тұрғындары үшін ең маңыздыларының бірі санатына енгенін және дереу шешуді талап ететінін айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.12.2025, 16:44 6746
Президент шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатта өңірлердің ерекшелігі мен кәсіпкерлерді нақты қолдау тетіктері қарастырылуға тиіс.
-Жергілікті өнімге, білім мен заманауи технологияға басымдық беру айтарлықтай нәтиже әкелетінін тәжірибе көрсетті. Мысал ретінде Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және "Атамекен" ұлттық палатасының қолдауымен жүзеге асқан "Бір ауыл- бір өнім" жобасын келтіруге болады. Ауыл-аймақтардан осындай ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі,- деді ол.
Мемлекет басшысы Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек екенін айтты.
-Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе деосы шаруаны Үкімет те, бизнес теқолға алмаған. Әйтсе дешағын бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті.
Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек. Бұл ауылдар мен шағын қалалардың дамуына тың серпін береді,- деді Тоқваев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 15:56 6461
Президент: Кәсіпкерлерді қолдау үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру қажет
Достарға айту
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
-Қазір ЕgovBusiness платформасы жұмыс істеп тұр. Соның арқасында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер қолжетімді бола түсті. Кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдеп, қағазбастылық азайды. Биылдың өзінде осы қосымша арқылы 4,6 миллионнан астам қызмет көрсетілді.Енді платформаны Бизнестің цифрлық картасымен өзара байланыстыру жұмысын аяқтау қажет. Сонымен бірге осы платформаға жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызмет түрлерін қосу керек,- деді ол.
Бұл шаралар кәсіпкерлердің біртұтас платформа арқылы әртүрлі қызмет алуына мүмкіндік береді.
-Сондай-ақ платформада жасанды интеллект көмегімен бизнес жүргізуге қатысты толыққанды кеңес алуға болады. Мұндай қадам әкімшілік кедергілерді азайтып, мемлекеттік қолдау шараларының ашық әрі тиімді болуына ықпал етеді,- деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 15:34 7416
Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының иегерлерін марапаттады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Шағын және орта бизнес субъектілері арасында "Парыз" сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының "Ақ-Ниет-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды.
Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясы лайық деп танылды.
Алтын сапа" сыйлығына "Үздік индустриалдық жоба" аталымы бойынша "Karlskrona LC AB" (Шымкент қаласы), "Үздік инновациялық жоба" аталымы бойынша "AG TECH" (Астана қаласы) компаниялары ие болды.
Шара соңында Мемлекет басшысы "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарымен, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарымен суретке түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 14:35 7706
Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр - Мемлекет басшысы
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары бәсекелестіктегі артықшылықтарымызды толық ашуға, экономикалық өсімнің тың мүмкіндіктерін табуға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағыт алғанымызды айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тоқаев инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайтынын баса айтты, себебі олхалықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық әрекетті жоққа шығарады.
-Жолдауда инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайтынын айттым. Өйткені инфляция азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық шешім мен әрекетті жоққа шығарады. Бұл орайда өте қатаң бюджет тәртібін орнатпаса болмайды. Қаржы тек ішкі жалпы өнімнің өсуіне, Қазақстанның әлемдік аренада лайықты орнын алуына ықпал ететін басым жобалар мен бағдарламаларға ғана жұмсалуы тиіс,- деді ол.
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерімен, халық күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей келе жатқанын алға тартты.
-Импорт өте көп. Олкөзге анық көрініп тұр. Бірқатар тауар номенклатурасы бойынша сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз. Қазақстанда бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге қолдау жасалды. Бұл- рекордтық көрсеткіш. Алеліміз шығаратын өнім көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 триллион теңгеге бағаланды,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы "Қазақта "Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды" деген сөз бар екенін еске салды. Оның сөзінше, биылғы "Парыз" байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған.
- Бұл отандық бизнестің қоғам игілігі үшін аянбай адал қызмет етуге дайын екендігін көрсетеді.Осында отырған әр азаматтың туған елге деген ықылас-пейілі жас кәсіпкерлерге үлгі-өнеге болары сөзсіз. Сіздерге тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін! Кәсіптеріңіз алға баса берсін! Баршаңызға амандық, табыс тілеймін! - деп түйіндеді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 20:15 22436
Қызылорда облысында "Әкімнің цифрлық жұмыс орны" атты пилоттық жоба енгізілуде
Достарға айту
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Әкімнің цифрлық жұмыс орны" пилоттық жобасының жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске қосылған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Әкімнің цифрлық жұмыс орны" жүйесі әлеуметтік-демографиялық өзекті деректер мен әрбір үй шаруашылығына қатысты ақпаратқа нақты уақыт режімінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформа әкімдерге біріктірілген деректер негізінде жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады, ақпараттың шашыраңқылығын азайтып, әкімшілік жүктемені төмендетеді.
Бүгінде жоба ел бойынша 34-тен астам ауылдық округте іске қосылып, әлеуметтік қолдау шараларының нақтылығын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және қолмен жинақталатын есептерден аналитикалық басқару форматына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Модуль "Цифрлық отбасы картасы" инфрақұрылымы негізінде жасалған және 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған. Бұл әкімдерге халық, үй шаруашылықтары, қолдау шаралары, табыс, тұрғын үй және әлеуметтік осал топтар бойынша бірыңғай және нақты деректер көзіне қол жеткізуге жағдай жасайды.
Алдағы кезеңде жүйе жаңа мәліметтік блоктармен толықтырылмақ. Олардың қатарында салық деректері, субсидиялар мен әскери есепке алынғандар туралы ақпарат бар. Қазақстандағы барлық ауылдық округтерді жүйеге қосу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 18:58 23061
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Аталған Заң арқылы Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Мәдениет туралы", "Білім туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заңдарға өзгерістер енгізілді.
Түзетулердің бірінші блогы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді.
Баланы асырап алу және кәмелетке толмағандарға қамқоршылықты немесе қорғаншылықты тағайындау барысында баланың туыстарына, ал олар болмаған жағдайда некеде тұрған адамдарға басым құқық беріледі.
Түзетулердің екінші блогына сәйкес, балалардың тамақтануына, тұрғын үйіне, медициналық көмегіне, білім алуына, тәрбиесіне және оларды сауықтыруға мемлекет бюджеті есебінен қаржы бөлінетін субъектілерге (объектілерге) қатысты мемлекеттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау тәртібі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңның аясында реттелетін салаға жатқызылады. Сәйкесінше тиісті нормалар Кәсіпкерлік кодекстен алынып тасталады.
Түзетулердің үшінші блогы білім беру саласындағы кейбір түйткілді мәселелерді шешеді.
Бұдан былай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары Оқу-ағарту министрлігі бекітетін, осындай ұйымдар қызметінің жетістіктерін рейтингтік көрсеткіштерге сай бағалау әдістемесіне және оларды саралау қағидаларына сүйене отырып сараланады. Ал жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саралануы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бағалау әдістемесі мен қағидаларына негізделеді.
Түзетулердің төртінші блогы мәдениет саласындағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған.
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (Бұл ереженің телевизиялық жазбаларға, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қатысы жоқ). Сондай-ақ авторлық құқық объектісі саналатын шығармаларды масс-медиада немесе онлайн-платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды (авторларды) көрсету міндетті.
Кітапхана қорын байыту және сақтау шараларын қабылдау бұдан былай жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 15:46 23871
ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Жамбыл облысында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды
Достарға айту
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында Жамбыл облысында мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
2020-2024 жылдар аралығында өңірдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жалпы құрылымында облыстың үлес салмағы 2,7%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді.
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 553 млрд теңгеден асты, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 1,4 есе жоғары. Алайда 2020-2024 жылдар кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр.
Жалпы Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ "Тараз" ӘКК" АҚ қызметінде бірқатар бұзушылық пен кемшілік анықталды.
Мәселен, Жамбыл облысы республикалық бюджеттен түсетін түсімдерге тәуелді. 2020-2024 жылдары бюджеттен түсімдер орта есеппен 80%-ды құрады. Осы кезеңде трансферттер 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге дейін 51% өскен. Ал 38 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын игермеу фактілеріне жол берілген.
Өңірді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында Тараз кәріз-тазарту нысандарының болмауы, тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар санының өсуі және суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу деңгейінің төмендігі сияқты бірқатар маңызды және өзекті проблеманы шешу жөніндегі көрсеткіштер мен іс-шаралар қамтылмаған.
Мемлекеттік сатып алу саласында Тараз қаласының құрылыс және тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің "қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар шарт жасасудың ерекше тәртібін негізсіз қолдану фактілері анықталды. Бұл адал бәсекелестікті шектеуге алып келеді. Сонымен қатар үлестес компаниялармен шарттар жасасу жағдайлары бар.
Аудиторлар Тараз қаласында және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылуы нашар бақыланатынын атап өтеді. Мердігерлерге орындалмаған жұмыс үшін ақы төлеу және әлі өтелмеген берешектері бола тұра аванс беру фактілері орын алған.
Мысалы, Тараз қаласының ТКШ бөлімі биыл маусым айында қалалық автожолдарды орташа жөндеу бойынша екі жобаға 537 млн теңгеден астам төлем жасаған, бірақ 70 күн өтсе де жұмыс басталмаған. Аталған жұмыс тамыз айында аудит жүргізу нәтижесінде ғана басталды.
Жамбыл облысы Шу ауданының 18 елді мекеніне жеткізілетін газ құбырын салудың нормативтік мерзімі екі жыл болса да, алты жылдан астам уақыт бойы аяқталмай келеді. Нәтижесінде 8,2 млрд теңге игерілмей, жоғары тұрған бюджетке қайтарылған, яғни қаражат тиімсіз пайдаланылған.
Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының даму жоспарында Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер жоқ. Сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсанда бекітілген көрсеткіштер саны
18-ден 5 бірлікке дейін қысқартылып, ал қалғандары бойынша индикаторлар нақты қол жеткізілген нәтижелерге дейін түзетілген.
Жалпы аудит қорытындысы бойынша:
- 58,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 47,1 млрд теңгесі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы бұзушылықтар;
- 75,6 млрд теңге тиімсіз жоспарланылған және пайдаланылған.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 15:30 33456
Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесуде Сырдария өзені бассейніндегі судың аздығы туралы қалыптасып отырған ахуал талқыланды. Нарын-Сырдария каскадына келіп түсетін су көлемі айтарлықтай төмендеген. Бұл келесі жылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы қаупін тудырады.
Оның салдарын барынша азайту мақсатында Су ресурстары министрлігі су қоймаларының жұмыс режимдеріне қатысты бірнеше болжамдық нұсқа әзірледі. Су тым аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөлу және лимиттерді түзету қажет болатын сценарийлер пысықталды.
Су ресурстары шектеулі болған жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ылғалды көп қажет ететін дақылдар алқаптарын қысқарту және құрғақшылыққа төзімді, аз су қажет ететін дақылдарды енгізу арқылы егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жалғастырып келеді.
Барлық су тұтынушылар судан тапшылық көрмеуі үшін және Сырдария өзенінің төменгі ағысында төтенше жағдай туындауына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысында 2026 жылы күріш егістіктерінің алаңы 70 мың гектардан аспауға тиіс.
Бір айта кететіні, егіс алқаптары жыл сайын оңтайландырылып жатқанына қарамастан, орташа өнімділік өсіп келеді (2024 жылы 85 мың га алқапта гектарынан 58 центнер, 2025 жылы 80 мың га алқапта гектарынан 58,1 центнер алынды). Бұған жаңа күріш сұрыптарын енгізу және заманауи техниканы пайдалану септік етіп отыр.
Сондай-ақ өңірде су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік көлемі артып келеді. Егін алқаптарында судың ысырап болуының алдын алу үшін лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл әдіс суды 20%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 60 мың гектар күріш алқабы тегістелді.
Заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу тәуекелдерді азайтып, АӨК-тің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл технологиялар республика бойынша 500 мың гектардан астам жерде қолданылуда, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін (суармалы жерлердің шамамен 70%-ы) жеткізу жоспарлануда. Аталған мақсаттарға жету үшін Үкімет кешенді шаралар қабылдауда, соның ішінде субсидиялау мәселелері де шешілуде.
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде инвестициялық шығындарды өтеуге бағытталған жалпы трансферттер көзделген, ал қаржыландыру көлемі 215 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Алдағы вегетациялық маусымда жоғарыдан келетін су көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Ондай жағдайда су үнемдейтін технологиялар тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарымен қатар өсімдік шаруашылығы жүйесінің міндетті элементі болуы тиіс. Қызылорда облысының әкімдігі Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, инновациялық препараттарды қолдану үшін кемінде 100 гектар жер телімін анықтап, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық қолдауды қамтамасыз етуі қажет", - деді Қанат Бозымбаев.
Кездесуде фермерлерге суды пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету және су ресурстарын есепке алуды одан әрі цифрландыру үшін енгізіліп жатқан биллинг жүйесі туралы да айтылды. Бұл - фермерлерді сумен қамтудың толық циклін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа. Оның ішінде өтінім беру және келісімшарт жасасудан бастап, нақты тұтынуды есепке алу және төлем жасауға дейінгі функциялардың барлығы бар. Жүйе процестерді оңтайландырады, суды бөлу мен есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нақты көлемдерді дәл есепке алуға мүмкіндік береді.
Вегетациялық кезең басталғанға дейін Қызылорда облысының әкімдігіне диқандар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. "Қазсушар" РМК-ға ылғалды көп қажет ететін дақылдарға бекітілген лимиттерге қатаң сәйкес келетін су беру шарттарын жасасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдағы вегетациялық кезеңде "қара су нарығымен" күресті күшейту тапсырылды.
Су шаруашылығындағы ахуал өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылғы вегетациялық кезеңге арналған өңірлер бойынша су тұтыну лимиттерін 2026 жылдың 1 ақпанына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдау жүктелді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2026 жылдың 1 наурызына дейін ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егістік құрылымын нақты қолжетімді суару суының көлеміне сәйкес түзету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 16701Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 16436Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 16191Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 14:35 7606Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр - Мемлекет басшысы
01.12.2025, 12:48 73436Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72606Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 13:34 72251Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде01.12.2025, 14:38 72246Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда30.11.2025, 09:19 68596Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176381Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174586Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151611Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146141Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145811Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

