07.04.2023, 10:10 53286

Қазақстан активтерді қайтару мәселелері бойынша Базель басқару институтымен ынтымақтасатын болады

Осы институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) - әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі
Астана. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Базель басқару институты заңсыз әкетілген активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Ведомствода айтылғандай, осы институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) - әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.
 
Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан Бас прокуратурасының Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
 
Келісім шарттарға сәйкес, Базель институтының сарапшылары Қазақстанның Бас прокуратурасына төменде көрсетілген бағыттар бойынша:
 
1) активтерді қайтару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;
 
2) халықаралық тергеп-тексерулер жүргізуде және активтерді шетелден қайтаруға байланысты қылмыстық істер бойынша сұрау салулар дайындауда құқықтық және консультациялық көмек;
 
3) қаржылық тергеп-тексеру және активтерді қайтару, оның ішінде әлем бойынша компаниялардың бенефициарлық меншік иелері мен жылжымайтын мүлік иелерінің тізімдерінен онлайн режимінде ақпарат алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу бойынша жәрдем көрсетеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке жақын арада заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөнінде заң қабылдауды тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны