02.05.2023, 12:39 33816

Автонесиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Автонесиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізіледі
Сурет: Depositphotos
Бастапқы жарнаны қайтару жоспарлануда

Астана. 2 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Жеңілдетілген автонесиелеу жүйесіндегі жоспарланған өзгерістер туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев брифингте айтты.

4 пайызбен автокредит алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкін.

Автокредит бойынша екі мәселе бар. Біріншіден, біз айттық, әр айда қайтарылған ақша есебінен қосымша тағы автонесие береміз. Бірақ айына шамамен бір миллиард теңге қайтарылып отыр. Бұл 100 машинаға жетеді. Ал енді осы уақытқа дейін револьверлік жүйе бойынша 4 миллиард теңгедей ақша қайтарылды. Ол ең көп дегенде шамамен 400 машинаға жетеді. Біздің ойымыз, револьверлік жүйеден 500-ден астам көлікке жететін, яғни 5 млрд теңгедей ақша қайтарылғанда ғана тағы жариялаймыз деп отырмыз", - деді Марат Қарабаев.


Сондай-ақ ол автонесие жүйесін қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты.

Бірнеше мәселе бар. Біріншісі, автокредит алған адамдардың аты-жөнін жариялау. Бағдарламаға өзгеріс енгізіліп жатыр. Екіншісі, осы уақытқа дейін көлікке бастапқы жарна төлеу қажет емес еді. Оны қайтарамыз ба деп отырмыз. Яғни 10 пайызға дейін бастапқы ақша төлеу механизмін енгізу қарастырылуда", - деді ведомство басшысы.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 6 ақпанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны