20.12.2021, 18:25 132051

Алексей Цой отставкаға кету және болашаққа жоспарлар туралы айтты

Алексей Цой отставкаға кету және болашаққа жоспарлар туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. 20 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен босатылуына байланысты Facebook-тегі парақшасында мәлімдеме жасады.
 

Бүгін менің азаматтық секторға өту және денсаулық сақтау саласын дамытуға ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы үлес қосу туралы шешімім қолдау тапты", - деп жазды министр.

 
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды, Денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырған.
 

Біз эпидемиологиялық қауіп-қатерлерді жақсарту үшін жағдай жасадық: әр өңірде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, жедел жәрдем парктері, жылжымалы медициналық кешендер жаңартылды, отандық фармацевтика өнеркәсібі өнімділіктің жоғары деңгейіне жетті, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қоры құрылды, СЭС және зертханалық қызметтердің әлеуеті артты, QazVac вакцинасы шығарылды және т.б. Ел басшылығына, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрге, Үкіметтегі әріптестеріме, Денсаулық сақтау министрлігіне, барлық жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық секторға, БАҚ-қа, еріктілерге, үкіметтік емес ұйымдарға және медицина қызметкерлеріне сенім білдіргені және Қазақстан халқының игілігі үшін бірлесіп атқарған орасан зор жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді", - делінген Алексей Цойдың мәлімдемесінде. 


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Тоқаев экс-министрге атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны