24.06.2025, 14:09 49631

Алматы қаласында қала прокуратурасының "Құқықтық дәріхана" жобасы ісе қосылды

Заң мен Тәртіп" идеологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының прокуратурасы "Құқықтық дәріхана" жобасын іске қосты, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.


Жобаның мақсаты - халық арасында құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту.

Прокуратура қызметкерлері қала тұрғындарына - "Dostyk Plaza", "Mega Alma-Ata" және "Grand Park" ірі сауда орталықтарында тегін заңгерлік кеңес береді.

Жоба 11 маусымнан бастап 11 шілдеге дейін әр сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қала тұрғындары бұл бастаманы оң қабылдап, оның ыңғайлы форматын, бюрократияның жоқтығын және алдын ала жазылмай-ақ білікті көмек алу мүмкіндігін атап өтуде.

Жоба көптеген адамдар үшін күнделікті құқықтық мәселелерді шешуде нақты қолдау болды.

Құқықтық дәріхана" - халыққа жақын. Адамдардың құқықтық мәселелерін шешуге бір қадам жақын.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны