21.07.2022, 15:45 37626

Алматы полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Алматы полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 
 
Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Арыстанғани Заппаров Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 
 
Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды. 
 
А.Заппаров 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар. 
 
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 
 
2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Таймерденов ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болып тағайындалды.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны