14.07.2022, 15:25 7231

Қанат Таймерденов ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарды

25 маусымда Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына қызметке ауысқан болатын.
Қанат Таймерденов ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарды
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды. 
 

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Таймерденов Қанат Даниярұлы Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды", - деп мәлім етті Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

 
Бұл уақытқа дейін Қанат Таймерденов Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 
 
Қанат Таймерденов 1976 жылы туған. 
 
Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет атқарады. 
 
Басшылық лауазымдарда жоғары жұмыс тәжірибесі бар. 
 
2012-2017 жылдары Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды. 
 
Еске салсақ, 25 маусымда Қанат Таймерденовтің Ішкі істер министрлігі орталық аппаратына қызметке ауысуына байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны