26.11.2025, 12:06 94936

Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр

Алматыда заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр
Сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу басталды. Бұл туралы Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Аталған іс нысанды сүру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған болатын. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны