02.02.2026, 11:55 65456

Алматының Түрксіб ауданына әкім тағайындалды

Алматының Түрксіб ауданына әкім тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алматы қаласы мәслихатының сессиясында кадрлық мәселе қаралды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімі Түрксіб ауданының әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталды.

Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар", - деді қала басшысы.


Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны