01.07.2025, 09:25 33436

Қарағанды облысында медициналық мекемелердің құрылысына қайтарылған активтер есеб3нен 5,9 млрд теңге бөлінеді

Қарағанды облысында медициналық мекемелердің құрылысына қайтарылған активтер есеб3нен 5,9 млрд теңге бөлінеді
Үкімет Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Нысандар "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынуда. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады. Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық қызметке қолжетімділік, алдын алу жұмыстары, ерте диагностика, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетіледі.

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 480 нысанның құрылысы аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар Арнаулы мемлекеттік қордан да қаржы қарастырылған.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны