27.06.2025, 11:45 95351

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіруде. Мәселен, 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Негізгі өзгерістер қазақстандық тауар өндірушілерді:

шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту. Бұл міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылуын болдырмайды;

тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту. Бұл шара өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға мүмкіндік береді;

аванстық төлем мөлшерін 30 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту бөлігінде қолдауға бағытталған.

Жалпы, аталған өзгерістер жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны