30.10.2025, 22:20 20251

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ "Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді.

Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді.

Бүгінде онда 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны